Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Домбыра- қазақ халқының жан дүниесі

29 маусым күні Лисаков қалалық  Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында 2018 жылдың 12 маусым күні ҚР Президенті Н.Назарбаев бұйрығымен бекітілген Домбыра күніне орай, «Улыбка» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара өтті. Мұражай қызметкері Қадырханова А.Қ. қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы домбыра туралы айтып берді. Этнография залында мұражай коллекциясындағы домбырамен таныстырды. Балалар мұражай қорындағы домбыраны кім бергенін, оны қалай және кім жасағанын білді. Домбыра туралы аңыз айтылатын мультфильм мен домбыраның құрлысы мен жасалу жолы көрсетілген бейне фильмді тамашалады. Іс-шараға шақырылған қаламыздың жас домбырашылары домбыра құлағында күйді құйқылжыта орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Аталмыш шарада ең маңызды сәттердің бірі болғаны, бұл- мұражай қорында сақталып келген 82 жылдық ғұмыры бар қарағай домбырасына жан біткені. Жәдігерді сөйлеткен Қадырханов Мұхамеднұр. Мерекелік шара балаларға берілген кішкентай ойыншық домбыра арқылы өз ақ тілектерін жеткізулерімен аяқталды. Бұл тілек алаңына тәрбиешілер де қосылып, мұражай ұжымына алғыс сезімдерін білдіріп, алда балабақша ұжымымыен әріптестік қатынасымыздың нығайып, ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған жұмыстарына табыс тіледі.